Негізгі бетИнститут туралыЖарияланған еңбектерАйтылған пікірлерЖобаларБайланыстар
KZ
RU
KZ
EN
Экономикалық саясат
Ақша-несие және валюталық бағам саясаттары
Бюджет және салық саясаттары
Инвестициялық саясат
Сыртқы экономикалық саясат (Дүниежүзілік сауда ұйымы, Кеден одағы)
Индустриялық -инновациялық саясат
Экономиканың өсу қарқыны әлеуметтік салаға қалай әсер етуде?
Экономика өсімін қалай ынталандыруға болады?
Экономикалық өсу
Қазақстандағы экономикалық өсу
Шет елдердегі экономикалық өсу
Туризм алаңындағы экономикалық ұрыс
Экономикалық қауіпсіздік
Экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық аспектілері
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі
Экономикалық қауіпсіздік туралы бірер сөз
Эксперты ожидают кризис валют
Экономикалық аурулар
Қазақстанда голланд ауруының таралуы
Өзге экономикалық аурулар
Как выйти из ловушки недоразвития экономики
Үкімет пен Ұлттық Банк іс-қимылдарының тиімділігін бағалау
Н.Назарбаев- Н.Балғымбаев үкіметінің қызметіне тәуелсіз баға беру (1998-1999гг.)
Н.Назарбаев- Қ.Тоқаев үкіметінің қызметіне тәуелсіз баға беру (2000-2001гг.)
Н.Назарбаев -И.Тасмағамбетов үкіметінің қызметіне тәуелсіз баға беру (2002-2003гг.)
Н.Назарбаев - Д.Ахметов үкіметінің қызметіне тәуелсіз баға беру (2004-2008гг.)
Н.Назарбаев - К.Мәсімов үкіметінің қызметіне тәуелсіз баға беру (2008-2012гг.)
Ұлттық Банк қызметіне тәуелсіз баға беру (1998-1999)
Ұлттық Банк қызметіне тәуелсіз баға беру (2007-2009)
Ұлттық қуаттылық
Қазақстан мен өзге мемлекеттердің ұлттық қуаттылық индекстері
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы
Ұлттық қуат стратегиясы. Қазақстанға ол неге қажет?
Ұлттық қуатты нығайтудың стратегиялық бағыттары
Конституциялық экономика
Конституция түрлері мен экономикалық өсу
Басқару формасы мен экономикалық өсу
Саяси еркіндік
Экономикалық еркіндік
Қазақстанға оппозиция туралы заң керек
Өзекті идеялар
Іске асырылған идеялар
Ұсынылатын идеялар
Ерекше көзқарас. Долларға тәуелділіктен арылу мүмкін бе?

img

img

img

Экономикалық өсу

Туризм алаңындағы экономикалық ұрыс

Елімізге туристерді тарту үшін алдымен оларды не қызықтыратынын түсініп алуымыз керек.

«Бізге туризм саласында ұлттық экономикалық идеология мен стратегия қажет»,- дейді кәсіпкерлік пен туризм саласында елорда журналистерінің біліктілігін арттыру бойынша өткен семинарда Экономикалық саясат институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы Қайырбек Арыстанбеков. Ғалымның Қазақстанда туризмді өркендету туралы айтқан ойларынан үзінді келтірдік.

Шетелдік туристен қалайша көбірек ақша алып қаламыз, соны ойлау керек.  Мысалы, кей кісілердің айтуынша, Оңтүстік Кореяда таксишіге валюта айырбастау пунктіне бару керек десеңіз, жақын жердегісіне емес, алыстағыға апарып, қалтаңызды қағады. Ал, Түркияда жалдаған гидіңіз алдымен арзан мейрамханаға, артынша орташа бағадағы жерге апарып ішкізіп-жегізеді, сосын түн жарымға қарай қымбат клубтан бірақ шығарады. Мәселе алдап соғуда емес стратегияда, яғни келген туристің көңілінен шыға отырып, ақшасын барынша алып қалу. Бұл – экономикалық ұрыс.

Туризм саласындағы экономикалық ұрыстың қаржы көрсеткіші қандай?

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, осы көрсеткіштерді айқындайтын «төлем балансы» индикаторына жүгінейік. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстаннан 2,6 млрд доллар шамасында қаржы шет елге кетті. Ал, біздің елімізге былтыр 2,2 млрд доллар мөлшерінде қаражат кірді. Яғни, «экономикалық қоржынның» балансы – минус 432 млн АҚШ доллары. Ұтылып жатырмыз.

Тарихи тұрғыда қалай болды екен? Көз жүгіртейік 

Демек «Экономикалық майданда» жеңілудеміз.

Осындай ұрыста ұтылмас үшін қандай экономикалық стратегия мен саясат ұстану керектігін 1913 жылы 15 тамыз күні ұлы ғұлама Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде былай айтқан:

«Қазақ жерінде өндіріс жоқ. Қазақ сыртқа көбіне шикізат өнімдерін шығарып жатыр. Ал сырттан сол шикізаттан өңделген дайын тауарларды 5-6 есе қымбатқа әкеліп, тұтынып жатырмыз. Бұл – надандықтың белгісі».  Ахмет Байтұрсынұлының осы айтқан «төлем балансының теориясын» біз пір тұтатын батыстың экономистері 1930-1940 жылдары ғана әзірлеген.

Неге біздің балансымыз минусқа кетіп жатыр? Тек туризм ғана емес, басқа да көптеген экономикалық категорияларда осы көріністі байқауға болады. Осының бәрі тұрақсыздыққа, девальвацияға әкелуде. Қай жерде сүріндік, не нәрсеге ұрындық?

Туризм үш экономикалық «ауру» аясында жүзеге асты.

Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған Ұлы далада Қазақстан экономикасы ғасырлар тоғысқан 2000 жылдан бастап науқас болды, ол мынадай үш экономикалық ауруға шалдықты: кесте

Голланд ауруы кезінде көптеген кәсіпорындар ашылып-жабылды. Күшті теңге Қазақстан тауарларларын экспорттау үшін қымбат қылды. Тек 2014 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан кейін, мұнайдың бағасы түсті. Яғни «Голланд ауруы» мұнай бағасы жоғары болған кезде ұлғаяды. Венесуэла ауруында кейбір кәсіпорындар мемлекет қолына өтеді. Зимбабве ауруы кезінде БАҚ та, басқа да салалар мемлекет қадағалауына көшеді.

Осындай қайшылықтар кезінде туризмнің дамуына экономикалық макро орта қажет.

Елімізде туризм 6 кластерге бөлінеді, соның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы. Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтаннан шет елге қанша адам турист ретінде кетіп, қанша шетелдік турист келгенінің сальдосын шығарып, қаражатын есептуі керек. Ішкі туризмді қарастырмаймыз. Өйткені ол ел ішіндегі ақша. Бізге жоғарыда айтылған, шетелге ұтылып жатқан 432 млн АҚШ долларын қайтаруға бар күшімізді салуымыз қажет. Астана қаласында туризмді дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі жол картасында 24 іс-шара қарастырылған, бірақ олар көбінесе ішкі туризмді дамытуға бағытталған.

Елімізге шетелдік туристерді тарту үшін алдымен оларды не қызықтыратынын түсініп алуымыз керек. Мысалы, қазақтың тойына бару – біздің мәдениетімізге қызығушылар үшін таптырмас бағдарламаға айналуы ғажап емес. Шетелдік турист тойға барса, көп эмоцияға тойып қайтары сөзсіз немесе Бозоқ тәрізді қорғандарды дамыта отырып, ежелгі ғұндар мәдениетін дәріптейтін түріктер мен венгрлердің, тіпті бүкіл түркі дүниесі тәу етіп келетін қасиетті мекенге айналдырсақ тамаша болар еді.

Жалпы, туристерге қызықты болатын қазақ дәстүрлерінің тізімін жасап, туристік пакеттер ретінде әр әлеуетті клиентке адресті түрде ұсыну керек. Наурыз мерекесін тойлаған кезде де, шетелдіктерге қолайлы болуы үшін халықаралық әуе билеттері бағасына жеңілдік жасап, басқа да іс-шараларды орайластыру қажет. Бұның барлығын жүйелі түрде жүргізген, абзал. Барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, жеке бизнес, әр қазақ азаматы еліміздің экономикасына саналы түрде қызмет етуі керек. Сонда біз осы экономикалық ұрыста жеңіп шығамыз. Әйгілі физик Нильс Бор айтқандай: «Хаосты жүйеге айналдыру үшін, хаостың ішіндегі бөлшектерді бір бағытқа қарай жылжыту қажет».

inbusiness.kz

Подробнее...

Экономический рост в зарубежных странах

На потребительском рынке Казахстана, и в том числе г. Костаная, граждане часто покупают товары и продукцию южнокорейского производства. Это Hyunday, Samsung, LG и тд.

Подробнее...

Экономический рост в Казахстане

Беспрецедентный разрыв устоявшихся хозяйственных связей между предприятиями бывшего СССР пагубно отразился на социально-экономическом положении страны. Львиная доля предприятий обрабатывающей промышленности была сконцентрирована на западной территории СССР.

Подробнее...