Сарапшы пікірі: Модернизация мен вестернизация арасындағы қақтығыс

«Біз тәуелсіздік жылдарында модернизация жасай алдық. Десек те вестернизацияға келгенде ақсап жатыр. Бүгінде Беларусьте болып жатқан жағдай да осының салдарынан. Сондықтан осы жайт бізде қайталанбас үшін вестернизацияға баса назар аударған жөн». Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабарында Экономикалық саясат институтының директоры, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қайырбек Арыстанбеков мәлімдеді.

Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. Бұл былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі өзегі. Себебі кез келген дамушы мемлекет үшін экономиканы көтеру – басты мәселе. Иә, аталған жолдаудың жарияланғанына да бір жыл толыпты. Осы уақыт аралығында экономикаға қатысты қандай мәселе шешімін тапты? Қандай мәселе әлі де өзекті? Хабар барысында бұл сұрақтарға да нақты жауап алынды.

Толығырақ аудионұсқада.

Хабарды дайындап жүргізген журналист Азамат Жомартұлы.