Совместные проекты
Сарапшы пікірі: Модернизация мен вестернизация арасындағы қақтығыс
«Біз тәуелсіздік жылдарында модернизация жасай алдық. Десек те вестернизацияға келгенде ақсап жатыр. Бүгінде Беларусьте болып жатқан жағдай да осының салдарынан. Сондықтан осы жайт бізде қайталанбас үшін вестернизацияға баса назар аударған жөн». Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының «Басты тақырып» хабарында Экономикалық саясат институтының директоры, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қайырбек Арыстанбеков мәлімдеді.